Қызылордада 13 балабақша талапқа сай емес

312

Тіпті кейбір бөбекжай меңгерушілері мен әдіскерлердің педагогикалық білімі жоқ.

Қызылордада 13 балабақша талапқа сай емес Фото: norma.uz

Қызылорда қаласында 13 жеке балабақша талаптарға сай болмай шықты. Мемлекеттік атестаттаудың нәтижесі осындай. Оларда оқу-әдістемелік құралдар мен жұмыс жоспары мемлекеттік стандарттарға жауап бермейді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Санитарлық талаптар сақталмаған. Тіпті кейбір бөбекжай меңгерушілері мен әдіскерлердің педагогикалық білімі жоқ. Мониторинг барысында бір топтағы балалардың жас айырмашылығы өте алшақ болып шыққан. Биыл облыс аумағында барлығы 198 білім беру ұйымын мемлекеттік атестаттау жоспарланып отыр.

"Он күннен бір жылға дейінгі уақыт мерзімі беріледі. Көрсетілген кемшіліктерді қалпына келтірген жағдайда, ол білім беру ұйымдары мемлекеттік атестаттаудан өтеді. Екі рет мемлекеттік атестаттаудан өте алмаған балабақша бару арқылы профилактикалық бақылауға қойылады. Жоспарға сәйкес кәдімгі тексеру жүргізіледі", - дейді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Айгүл Мырзағалиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу