Қызылордада 138 млрд теңгелік тау-кен байыту комбинаты салынады

271

Жоба іске қосылғанда 550-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.      

Қызылордада 138 млрд теңгелік тау-кен байыту комбинаты салынады Фото: gov.kz

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Шалқия кентінде "Бурабай-Жалғызағаш" тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жобаны "Liaoning Hongda Group" компаниясы жүзеге асырады.

Комбинат құрылысына 138 млрд теңге инвестиция салынады. Кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін жылына 210 мың тонна қорғасын-мырыш шикізатын және 20 тонна күміс өндіру жоспарланып отыр.

Жоба аясында 550-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Комбинатты алдағы екі жылда салып, 2028 жылы толық пайдалануға беру көзделген.

Қазір кен орнының минералдық-шикізат базасын кеңейту үшін бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өндірістік жолдар салынып, құрылыс алаңдары белгіленді. Сонымен қатар нысанды электр желілеріне қосу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев комбинат құрылысының басталуы өңірдің индустриялық дамуына серпін беріп, экономиканы әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін айтты.

Алдағы үш жылда Қызылорда облысында өнеркәсіп саласында 1,9 трлн теңгеге 48 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу