Қызылордада 21 жастағы жігіт пен 15 жастағы оқушы қыздың некесін қиған имамға сөгіс жарияланды

406

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша бас имамы Дастан Құрманбаев бұған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылордада 21 жастағы жігіт пен 15 жастағы оқушы қыздың некесін қиған имамға сөгіс жарияланды Фото: islam.ru

 

"Бұл жағдайды ақтауға болмайды. Имам еліміздің заңын да, Қазақстандағы барлық дін қызметкеріне міндетті жарғыны да бұзды. Оған сөгіс жарияланды. Алдағы уақытта ол тарапынан қандай да бір заңбұзушылық болса, имам діни қызметтен шеттетіледі", – деді ол.

Айта кетейік, ата-аналарының рұқсатымен ғана отау құрған жұптың некесін имам қиған. Кейіннен 15 жастағы қыз жүктілігіне байланысты дәрігерге көрінген. Емханадағы мамандар бұл жайында полицейлерге жеткізген.

Сол оқиғадан кейін 21 жастағы жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалып, оған 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу