Қызылордада мектеп оқушысына шабуыл жасалды. Кәмелетке толмаған жасөспірім 15 жастағы баланы пышақтап, ауыр дене жарақатын салған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Дәрігерлер оқушының оның кеуде тұсынан және ішінен бірнеше пышақ жарақатын алғанын айтып отыр.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", – деді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу