Қызылордада 17 жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынды

319

Сонымен қатар, тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған 16 ата-ана есепке алынды.

Қызылордада 17 жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынды

Қызылордада “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 17 жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

“Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жергілікті мемлекеттік мүдделі органдармен бірлесіп, жастар мен кәмелетке толмағандар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда рейдтік шара жүргізді. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне жадынамалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

"Профилактикалық іс-шараның қорытындысымен барлығы 311 әкімшілік хаттама рәсімделді. Оның ішінде түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген – 282 жасөспірім, балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамаған – 20 ата-ана, бұзақылық жасаған 8 жасөспірім анықталды. ІІО-ға 17 жасөспірім және тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған 16 ата-ана есепке алынды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу