Мүйіздердің жалпы салмағы 400 келі шамасында, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиған Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентінде болған. Полиция қызметкерлері онда жойылып кету қаупі бар жануарлардың дериваттарын сатумен айналысқан азаматтарды ұстаған.
Күдіктілерден 2 038 киік мүйізі, электронды таразы және екі автокөлік тәркіленіп отыр. Олар қазіргі кезде уақытша ұстау изоляторына қамалған. Осы уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу