Қызылордада 20 жылға сотталған азамат түрмеде некесін қиды

456

Былтыр №60 мекемеде 31 азамат некесін заңдастырған.  

Қызылордада 20 жылға сотталған азамат түрмеде некесін қиды Фото: polisia.kz

Қызылордада қарақшылық және адам өлтіру қылмысы бойынша 20 жылға сотталған азамат түрмеде некесін қиды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемеде жазасын өтеп жатқан азамат сөйлесіп жүрген сүйіктісімен байланысын үзбей, отбасын құрды.

"Міне, заңды некеге тұрдым. Некелесіп отырған жарымды бостандықта жүрген кезден бері танимын. Сосын осы жаққа келіп, сөйлесіп, екеуміз некемізді қиып, үйленуге шешім қабылдадық, – дейді жазасын өтеуші азамат.

Мекеме басшысының айтуынша, қазір мұнда 800-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Олардың ішінде жұмыс істеп, отбасына қаржылай қолдау көрсетіп отырғандар да бар. Ал өткен жылдың өзінде 31 азамат некесін заңдастырған. Мұндай бастама сотталушыларға оң әсер етеді екен.

"Сотталған азаматтарымыз отбасылы болғаннан кейін, өмірге бала келгеннен кейін, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Әрі қарай бостандыққа ертерек шықсам деп жақсы жаққа өзгеруге тырысады", – дейді мекеме басшысы Мақсұт Өтетлеуов.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу