Қызылордада 240 тонна күрішке зақым келді

Негізгі себеп, күріш ақтау зауытының ғимаратынан өрт шыққан.

Қызылордада 240 тонна күрішке зақым келді Фото: Қызылорда облысының ТЖД

Көлемі 900 шаршы метр болатын аумақтың 234 шаршы метрінің жануы анықталып отыр. Абырой болғанда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.

8 қаңтар күні 14:01 минутта төтеншеліктерге Қармақшы ауданы, Дүр-Оңғар ауылы, Мыханов көшесінде орналасқан "Жаңа жол" ЖШС-ның күріш өңдеу зауытының ғимараты жанып жатқаны жөнінде хабарлама түскен.

Тілсіз жауды сөндіруге 5 техника мен 40-қа жуық қызметкер жұмылдырылған.

"Қармақшы ауданы, Дүр-Оңғар ауылы, Мыханов көшесі нөмірсіз мекенжайда орналасқан "Жаңа жол" ЖШС-ның күріш ақтау зауыты ғимаратының шатыр асты ағаштарының 234 шаршы метр (жалпы ауданы – 900 шаршы метр) жануы анықталды. Өртті сөндіруге Қармақшы ауданы №10 өрт сөндіру бөлімінен 2 бірлік өрт сөндіру техникасы мен 15 қызметкер жұмылдырылды. Арақашықтық – 40 шақырым. Сондай-ақ, өртті сөндіруге ерікті өртке қарсы қызметінен 20 қызметкер, 3 бірлік техника күш-құралы ретінде жұмылдырылды", - дейді Қызылорда облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ-ның баспасөз хатшысы Әлия Қайратқызы.

Тілсіз жау салдарынан күріш ақтау зауытында жинақталған шамамен 240 тонна күрішке зақым келген. Өрт 15:14-те оқшауланып, 15:30-да толық жойылған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің болжамды шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Қазіргі таңда оқиға орнында ТЖД Өрт зертханасы және анықтау бөлімінің өрттің нақты шығу себебі мен шығынын анықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу