Қызылордада 3 апта бұрын жоғалған балықшылар әлі табылмай жатыр

1277

Мамандардың айтуынша Қараөзек арнасындағы көпірден өтерде жүргізуші көлікті басқара алмай, өзенге құлаған. 

Қызылордада 3 апта бұрын жоғалған балықшылар әлі табылмай жатыр

Қызылорда облысының құтқарушылары 3 аптадан бері Сырдария ауданының 2 тұрғынын іздестіріп жатыр. Олар 17 желтоқсан күні балық аулауға шығып кеткен, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандардың айтуынша Қараөзек арнасындағы көпірден өтерде жүргізуші көлікті басқара алмай, өзенге құлаған. Мұз жарылып, көлік бір сәтте су астына батып кетеді. Құтқарушылар жасағы келіп өзектен техниканы алып шыққан. Бірақ балықшылар табылмай отыр. Су асты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жалпы өткен жылы аймақта осындай 7 оқиға орын алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу