Қызылордада 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

282

Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.  

Қызылордада 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті Фото: freepik

Қызылорда қаласында ересек адамдардың қарауынсыз қалған 3 жастағы ұл бала төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға облыс орталығындағы "Арай-3" шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан 2021 жылғы ұл бала құлап кеткен. 

"Сәби алған жарақатына байланысты ауруханаға жатызылды. Балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Оның соңы қайғылы жағдайға душар етуі ықтимал", - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу