Қызылордада 39 жастағы әйел "TikTok" арқылы терроризмді насихаттаған

146

Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қызылордада 39 жастағы әйел "TikTok" арқылы терроризмді насихаттаған Фото: Қызылорда облыстық ПД

Қызылорда облысының 39 жастағы тұрғыны "TikTok" әлеуметтік желісінде терроризмді насихаттап, діни алауыздық тудыратын аудио және бейнежазбалар таратқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру кезінде деструктивті діни ағым өкілін ұстады.

"Оған қатысты қылмыстық кодекстің 174, 256-баптары бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді. Нәтижесінде Қызылорда қалалық сотының үкімімен әйел кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу