Қызылордада 4-қабаттан құлап кеткен үш жасар сәби аман қалды

547

Қызылордада үш жасар сәби төртінші қабаттан құлап кетті. Қазір баланың жағдайы жақсарды, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы.  

Қызылордада 4-қабаттан құлап кеткен үш жасар сәби аман қалды

Облыс орталығындағы "Арай" мөлтек ауданында 3 жасар сәби 4-қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді. Қазір баланың жағдайы жақсы. Оқиға бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Кейінгі жылдарда қалада балалардың көпқабатты тұрғын үйл терезесінен құлап кету жағдайы жиі тіркелуде.

"Биыл мұндай 3 жағдай тіркелген. Былтыр 10 бала терезеден құлап, оның 2-і қаза тапты. Осы себепті жаз бойы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізеді", – деді Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түймебаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қызылордада төрт жастағы сәби үшінші қабаттан құлап кетті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу