Қызылордада 45 мың гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді

973

Қызылордада 45 мың гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді

Қызылорда облысында 45 мың гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына қосылды. Бұл туралы Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының биылғы жылғы 9 айдағы жұмыс қорытындысында баяндалды. Жыл басынан бері жер учаскелерін рәсімдеуге барлығы 88 өтініш келіп түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шара атқарылды, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бекітілген жобалар негізінде облыс әкімдігінің 24 қаулысы қабылданып, жалпы көлемі 36235,41 мың гектарды құрайтын жер учаскелері мүдделі тұлғалардың пайдалануына берілді. Сондай-ақ, басқарма құзыреті шегінде жер учаскелерін жалға беру туралы барлығы 59 шарт жасалды.

2012-2016 жылдары мемлекеттің бос жатқан жерлерінен жалпы көлемі 373,2 мың гектарды құрайтын 1494 жер телімдері сауда-саттық (аукцион, конкурс) жолымен және мемлекеттік бағдарламалар негізінде ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосылды.

Ал осы жылы 80 мың гектар жерді айналымға қосу жоспарланып, бүгінде 45,5 мың гектар болатын 218 жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу