Қызылордада 52 кәсіпкерлік нысан "Аshyq" жобасына қосылды

757

Қызылордада 52 кәсіпкерлік нысан "Аshyq" жобасына қосылды. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰКП сайтына сілтеме жасап.

Қызылордада 52 кәсіпкерлік нысан "Аshyq" жобасына қосылды

Палата директоры "Ashyq" жобасы арқылы жұмысын жүргізуге ниетті кәсіпкерлер қатарының артып келе жатқандығын жеткізді.

"5 мамырдағы ақпарат бойынша облыс көлемінде 52 кәсіпкерлік нысан QR код алған. Олардың 26-сы тесттік режимнен сәтті өткен, қалған 25-і жұмысын тесттік режимде жүргізуде. Аталмыш нысандардың ішінде басымдық қоғамдық тамақтану саласында, 34-і "Ashyq"-қа енді", – дейді Ғалымбек Жақсылықов.

Мұнан өзге, 8 компьютерлік клуб, 2 бассейн, 2 кинотеатр, 2 спа-орталығы, 2 бильярд, 1 боулинг және 1 сауна да "Ashyq" жобасы аясында жұмыс жасау жөнінде шешім қабылдапты.

"Ashyq" әсіресе қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлер үшін тиімділігін көрсетті. Біздің өңір "қызыл аймақта" болғандықтан бұл саладағы кәсіпкерлердің жұмысы сағат 20.00-ге дейін шектелген еді. Жобаға енген нысандар бүгінде "сары аймаққа" тән талаппен, сағат 24.00-ге дейін жұмыс жасауда", – деді Палата диркторы.

Палата басшысы "Ashyq" жобасына енген кәсіпкерлердің бірқатар артықшылықтармен жұмыс жасайтындығын, жалпы жобаның жұмыс істеу механизмін түсіндіру мақсатында қалалық және облыстық мониторингтік топ мүшелері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігі жөнінде хабардар етті.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу