Қаржы пирамидасын құрып, 63 млн теңгеден аса залал келтірген күдіктіге іздеу жарияланды

611

Бұл туралы Қаржы мониторингтік агенттігі мәлім етті.

Қаржы пирамидасын құрып, 63 млн теңгеден аса залал келтірген күдіктіге іздеу жарияланды Фото: t.me/afm_rk

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен 2019-2022 ж.ж. Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша 11.10.1990 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы Жұбанаев Алмас Оразалыұлы іздеуге жарияланады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұлтартпау шарасы "Қамауда ұстау" , іздеу түрі – "Халықаралық".

Жұбанаев Алмас Оразалыұлы заңсыз қызметін жүзеге асыру барысында "Instagram" әлеуметтік желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адамдарды тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.

Жәбірленушілердің жалпы саны 59 адам, келтірілген залал сомасы 63 373 356 теңгені құрайды.

"Егер сіз іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, төмендегі телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 

8-775-125-55-54

8-701-527-10-45", - делінген агенттік хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу