Қызылордада 6 вагон рельстен шығып кетті

140

Оқиға орнында комиссия жұмыс істеп жатыр.

Қызылордада 6 вагон рельстен шығып кетті Фото: Бейнежазбадан

Оқиға 2 қаңтар күні сағат 17.10-да "Нұр Назар" серіктестігінің кіреберіс жолында, яғни Қызылорда жүк тасымалдау бөлімінің Белкөл стансасында маневрлік жұмыс кезінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, тазалық жұмысы кезінде жолдың бұрылыс бөлігінде 6 вагон сағатына 3-5 шақырым жылдамдықпен рельстен шығып кетті. Оның 4-еуі дизель отыны тиелген цистерна болса, қалғаны – бос вагондар. 

– Алдын ала мәлімет бойынша вагондар жерге қырымен түскен. Жапа шеккендер жоқ. Бұл оқиға пойыздардың негізгі жолмен қозғалуына еш кедергі жасамайды. Жылжымалы құрам мен жолға да кесірі тимеген. Оқиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында ол жерде комиссия жұмыс істеп жатыр", – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу