Polisia.kz мәліметінше, 27 сәуір кешкі сағат 19:35-те Қызылорда қаласы Титов кентінде 2015 жылы туған Бахыт Альтаирдың жоғалғаны туралы арыз түскен.
"Ата-ана 6 жасар баласының 27 сәуір сағат 10:00 шамасында далаға ойнауға шыққанын айтты. Кейін ол үйіне келмеген. Олар полицияға арызды 9 сағаттан соң берді", - деп жазылған хабарламада.
Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы полиция департаменті, қалалық полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.
Тәртіп сақшылары қаладағы көпқабатты үйлердің шатырын, саяжайлардағы үйлерді, құрылысы бітпеген ғимараттарды, жертөлелер мен бейіттерді тексеріп, Сырдария өзенінің жағалауында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Полиция департаменті 6 жасар бала туралы қандай да бір ақпарат білген тұрғынды төмендегі телефондарға хабарласуды сұрайды:
8(7242) 29-70-10, 29-75-20, 29-75-07 және 102.