Қызылордада 6 жасар қыз іздестіріліп жатыр

135

Қызылорда қаласында із-түзсіз жоғалған 6 жастағы Медина Мұратбекқызын іздестіру жұмыстары 2 күннен бері нәтиже бермей жатыр. 

Қызылордада 6 жасар қыз іздестіріліп жатыр Фото: Қызылорда облыстық Полиция департаменті

Бұл туралы Қызылорда облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол 5 маусым күні сағат 18:30 шамасында қаланың "Рисмаш" шағынауданындағы Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан бөгет аумағына ойнауға шығып, содан бері үйіне оралмаған.

– Полиция бүлдіршіннің ерекше белгілерін жариялады. Бойы – 110-120 сантиметр, дене бітімі арық, шашы қара, иығына дейін жетеді, көзі қоңыр. Үстінде ашық жасыл түсті гүлді футболка, ақ түсті шорты, аяғында көк түсті сүйретпе аяқ киім болған. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, еріктілер, туыстары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Іздестіру шараларына арнайы із кесуші иттер, дрондар мен сүңгуірлер тартылған. Жедел іздестіру топтары құрылып, қажетті шаралар қолға алынды, – делінген хабарламада.

Жоғалған қыз баланың фотосуреті мен жеке белгілері туралы ақпарат барлық тиісті аумақтарға таратылды.

Полиция Медина Мұратбекқызының жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, дереу 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу