Қызылордада 6 жастағы бала түнде әкесінің көлігін айдап жүрген

244

​Қызылорда облысының Арал ауданында полицейлер түнгі уақытта көшеде көлік жүргізіп жүрген 6 жастағы баланы тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қызылордада 6 жастағы бала түнде әкесінің көлігін айдап жүрген Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

Кәмелетке толмаған бала "Toyota Land Cruiser" автокөлігін басқарған. Патрульдік полиция қызметкерлері жағдайға дер кезінде араласып, болуы мүмкін жол-көлік оқиғасының алдын алды. Тексеру кезінде көліктің баланың әкесіне тиесілі екені анықталды.

"Кәмелетке толмағанның заңды өкіліне баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны, сондай-ақ баланың заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік хаттамалар рәсімделді", – деп хабарлады Қызылорда облысының полиция департаменті.

Жиналған құжаттар сотқа жолданып, ата-анасына әкімшілік айыппұл салу туралы шешім қабылданды. Полиция қызметкерлері ата-ана мен балаға қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу