Оқыс оқиға 6 сәуір күні Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Шақыру бойынша оқиға орнына барған құтқару жасағының қызметкерлері арнайы гидравликалық құралмен жылу батареясынан қыз баланың аяғын шығарып алды. Бала өміріне ешқандай қауіп төнген жоқ", - делінген хабарламада.
Осы орайда құтқарушылар балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретіп, жалғыз қалдырмауға кеңес береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу