Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып кетті

686

Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып кетті

14 желтоқсанда Қызылорда қаласындағы спорт кешендерінің бірінде 7 жастағы бала бассейнге батып кетіп, тұншығып, қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігімен (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау салдарынан абайсызда өліміне әкеп соққан әрекеттер) және 306-бабының 3-бөлігімен (Тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн қызметтер көрсету нәтижесінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер) тіркелді.

Осы оқиғаға жол берген кінәлі адамды анықтау және іс-әрекетке құқықтық баға беру бағытында қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыстық іс Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу