Қызылордада 851 гектар жер мемлекетке қайтарылды

221

Бүгінгі күні аталған жер учаскелеріне қатысты уәкілетті органмен нұсқамалар беріліп, мәжбүрлеп мемлекетке қайтару үшін тиісті шаралар қабылдануда.

Қызылордада 851 гектар жер мемлекетке қайтарылды Фото: Pixabay.com

Қызылорда қаласы прокуратурасының қадағалау актісі негізінде ұзақ жылдар бойы игерілмеген 55 млн теңгені құрайтын 851 гектар жер учаскесі (оның ішінде кәсіпкерлік - 50 млн теңгеге 9 гектар, жайылымдық - 5 млн теңгеге 842 гектар) мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жер пайдаланушыларға берілген нұсқама талаптарын орындамаған 16 тұлғаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік шара қолданылды.

Бұдан бөлек ұзақ жылдар бойы пайдаланылмаған кадастрлық құны 163,4 млн теңгенің 7069 гектарды құрайтын 158 жер учаскесі (оның ішінде кәсіпкерлік – 13,4 млн теңгеге 6712 гектар, жайылымдық - 150 млн теңгеге 357 гектар) анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу