Қызылордада 9 жастағы бала көлік жүргізіп, әкесіне айыппұл салынды

398

Қызылорда облысының Арал ауданында 9 жастағы баланың көлік тізгіндегені түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылордада 9 жастағы бала көлік жүргізіп, әкесіне айыппұл салынды Фото: Бейнежазбадан

Полиция қызметкерлері бейнежазбадағы оқиғаның мән-жайын анықтады.

Белгілі болғандай, оқиға күндіз аудан көшелерінің бірінде болған. Бала әкесіне тиесілі "Toyota Sienna" автокөлігін басқарған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде баланың заңды өкілі бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен әкесіне айыппұл салынды.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полиция өкілдері кәмелетке толмаған балаларға көлік жүргізуге рұқсат бермеуді, автокөлік кілттерін олардың қолы жетпейтін жерде сақтауды ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу