Қызылордада 99 тұлға әкімшілік қамауға алынды

1594

Соңғы тәулік ішінде өңірде 425 мекеме мен ойын-сауық орындары тексеріліп, 51 құқық бұзушылық анықталды. 

Қызылордада 99 тұлға әкімшілік қамауға алынды

Қызылордада төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзған 99 тұлға әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Елімізде енгізілген төтенше жағдай талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша жүргізілген рейдтер барысында төтенше жағдай талаптарын бұзудың 331 дерегі анықталды.

Қала төңірегінде – 38, Қармақшыда – 10, Жалағаш-1 және Байқоңыр қаласындағы Өкілдікпен – 2 дерек анықталды. Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотымен 177 әкімшілік іс қаралып, 77 тұлғаға айыппұл салынса, 99 тұлға әкімшілік қамауға алынды. Көрінеу жалған ақпарат таратылған 11 дерек анықталып, оларғаҚылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыс бойынша 35 бекет қойылды. Облыс аумағына кіретін автожолдарда азаматтарды медициналық тексеруден өткізу мақсатында үш санитарлық-өткізу бекеттері жұмыс атқарады.

Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардың нәтижесінде қылмыс деңгейі 43 пайызға, ал жол – көлік оқиғалары 25 пайызға азайып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу