Қызылордада ақша бопсалаған қылмыстық топтың 8 мүшесі сотталды

313

​Қызылорда облысында кәсіпкерлер мен азаматтардан күш қолданамыз деп қорқытып, ақша талап еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қызылордада ақша бопсалаған қылмыстық топтың 8 мүшесі сотталды Фото: бейнежазбадан

Облыстық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында топ мүшелерінің заңсыз әрекеті әшкереленді.

Күдіктілер түзеу мекемелеріндегі сотталғандарға арналған "ортақ қорға" ақша жинаған. Тергеу кезінде қылмыстық әрекеттің бірнеше эпизоды анықталып, санкцияланған тінту жүргізілді.

Нәтижесінде травматикалық және пневматикалық қарулар, оқ-дәрілер, ақша және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

"Тергеу барысында жәбірленушілер мен куәлардан жауап алынып, банк аударымдары мен цифрлық дәлелдемелер зерттелді. Жиналған материалдар қылмыстық топтың заңсыз әрекетін толық растады", – делінген полиция хабарламасында.

Осы фактілер бойынша қорқытып алу, заңсыз қару сақтау, бұзақылық және ұйымдасқан қылмыстық топ құру мен оған қатысу баптары бойынша қылмыстық істер тіркелген.

Қылмыстық топтың 8 мүшесі күдікті деп танылып, сот санкциясымен қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін іс сотқа жолданды. Сот үкімімен топ жетекшісі мен белсенді мүшелеріне 4 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу