Қызылордада алаяқтық жасаған тұрғын сотталды

1310

Жәбірленушілерге келтірілген шығын 1,6 млн теңгеден асады.

Қызылордада алаяқтық жасаған тұрғын сотталды Фото: google

Қызылордада алаяқтық қылмысын жасаған 21 жастағы тұрғын сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысының 21 жастағы тұрғыны 2022 жылдың желтоқсан айында үш қала тұрғынының телефонын қоңырау шалуға сұрап алып, алдап, телефондарды сатып жіберген.

Тергеу барысында күдікті азаматтың жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен дәлелденіп, оның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) сараланған.  2023 жылғы 28 наурызда сотталушы сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. 

Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу