Қызылордада Антикордың жалған қызметкері ұсталды

571

Ол тұрғынды алдап, жарты миллион ақшасын алған.  

Қызылордада Антикордың жалған қызметкері ұсталды Фото: azattyq-ruhy.kz

Қызылордада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) жалған қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Биыл 13 желтоқсанда агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Антикордың жалған қызметкері ұстады. 1988 жылы туған Ж. есімді күдікті өзін Антикордың Қызылорда облысы бойынша Өзіндік қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жұмысқа орналастырамын деп қала тұрғынан 500 мың теңге алған. Агенттік қызметкерлері оның заңға қайшы әрекетін әшкереледі", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу