Қызылордада аса ірі көлемде алаяқтық қылмыс бойынша күдікті ұсталды

410

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қызылордада аса ірі көлемде алаяқтық қылмыс бойынша күдікті ұсталды Фото: Коммерсанть

2024 жылы 30 қаңтар күні Бас прокуратураның үйлестіруімен Қызылорда қаласында аса ірі көлемде алаяқтық қылмысы бойынша күдікті Р.Қ.Қаржауов ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Істі тергеу барысында оның 2021-2022 жылдары адамдар тобымен азаматтарға жалған автокөлік несиелерін рәсімдегендігі анықталған.

Барлығы 235 адам зардап шегіп, оларға келтірілген залал 2,9 млрд теңгені құраған. 

Тергеу барысында Қаржауов тергеуден жалтарып, іздеуге жарияланған.

Қазіргі уақытта Қаржауов Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу