10 қаңтар сағат 01:30-да лаундж-барлардың бірінде Қызылорданың екі тұрғыны арасында жанжал болған. Кикілжің кезінде олардың бірі екіншісіне травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, Қызылордадағы лаундж-барлардың бірінде 10 қаңтар сағат 01:30-да қаланың екі тұрғыны арасында жанжал шыққан.
Осылайша, кикілжің кезінде олардың бірі екіншісінің иығына травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленушіге қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, ол үйіне жіберілді.
"Кезекші тәртіп сақшылары күдіктіні, бұрын сотталған 24 жастағы азаматты ұстады. Дәлелдер алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды", - деді Қызылорда қаласы ПБ Тергеу бөлімінің бастығы Асылбек Бексейітов.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды.