Қызылордада аудит қызметкерлері бухгалтерлерді пайдаланылған заттарды сатуға мәжбүрлеген

628

Сатудан түскен 456 000 теңге ақшалай қаражатты өз қалталарына басып алған. 

Қызылордада аудит қызметкерлері бухгалтерлерді пайдаланылған заттарды сатуға мәжбүрлеген

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен аудиторлық тексеру жүргізу барысында бірнеше рет пара алғаны үшін Қызылорда облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мен бас маман-мемлекеттік аудиторына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аудиторлық тексеру жүргізу кезінде аталған тұлғалар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны белгілі болған.

"Олар "Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-не бағынысты мекеме бухгалтерлеріне киілген киімдерді (пальто, күртеше, орамал) көтеріңкі бағамен өткізуді талап етіп, сатудан түскен 456 000 теңге ақшалай қаражатты өздеріне алған", – деп жазылған таратылған хабарламада.

Өзге ақпараттар тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу