Қызылордада автокөліктерге жанармай құю станциясында газ жарылды

779

Беті-қолы күйген азамат ауруханаға жеткізілді.

Қызылордада автокөліктерге жанармай құю станциясында газ жарылды

Қызылордада "Қызылорда-газ" ЖШС-ның автокөліктерге жанармай құю станциясында газ-ауа қоспасы жарылды. Бұл туралы ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.   

Оның айтуынша, оқиға сейсенбі күні "ПАЗ" автобусына жанармай құю кезінде болған.

"Газ-ауа қоспасы атылғанымен, өрт шықпады. Бірақ 2004 жылы туған азаматтың беті-қолы күйіп, ауруханаға түсті. Ол газ баллонын толтырып алмақ болып кезекте тұрған жанармай станциясының клиенті", – деді Владимир Беккер бүгін баспасөз мәслихатында.

Ол тұрмыстық газ баллондарын автокөлікке жанармай құю станцияларында толтыруға тыйым салынғанын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу