Қызылордадағы түнгі клубтардың бірінде азот оксиді құйылған шарлар ашық түрде сатылып келген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кезекті рейд кезінде арнайы жасақ иісшіл итпен бірге ғимарат ішін толық тінтіп шыққан. Нәтижесінде газ баллондары мен шар салынған полиэтилен пакеттер табылды. Мұнда демалушыларға шарға азот оксиді толтырылып, ұсынылады.
Сонымен қатар, клуб қызметкерінің кәмелет жасына толмағаны анықталып, оның заңды өкілдеріне қатысты тиісті әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
"Рейдтік іс-шара барысында 4 дана есірткі затына ұқсас баллондар айғақ зат ретінде 5 дана полиэтилен пакетке салынған шарлар алынып, қазіргі таңда сараптама тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 301-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Темірхан Ахмет.