Қызылордада азық-түлік бағасы көтеріле бастады

1757

Қиярдың келісі 800 теңге, айран-қатықтың литрі 350 теңгеге жетті.  

Қызылордада азық-түлік бағасы көтеріле бастады

Соңғы уақытта Қызылорда қаласындағы базар бағамы көтеріліп тұр. Мәселен, күнделікті қажетті азықтарға жататын картоп, жоғары сұрыпты ұн, қияр, айранның бағасы қымбаттады. Сондай-ақ, сиыр, қой, жылқы етінің бағасы да келісіне 2 мың теңгеден әрі қарай құбылып тұр.

Өткен демалыс күндері жергілікті картоп 10-20 теңгеге көтеріліп, 180 теңгені құрады. 50 келілік жоғары сұрыпты ұнның қабы 9 мың теңгеден асса, бірінші сұрып 7400 теңгеге тұрақтап тұр. Қиярдың келісі 800 теңге, айран-қатықтың литрі 350 теңге. 50 теңгеге қымбаттаған айранның қасында қайта сүт өз бағасын ұстап тұр (300 теңге). Дегенмен сүт ауылдардан шектеулі мөлшерде әкелінетінін айта кетейік.

Ал қырыққабат, қызылша, сәбіз, бір апта бұрынғыдай, келісі 150 теңгеден. Жылыжай қызанақтары 450 теңге. Күріш бағасы әзірге бірқалыпты, келісі сортына қарай 260-тан 300 теңгеге дейін. Базарларда алма 300-400 теңге, жүзім 600-ден 800 теңгеге дейін.

Сенбі күні өткен ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінің бағасы нарықтық бағадан 15% төмен болды. Сондықтан қызылордалықтардан арзан азық-түлік сатып алу мүмкіндігі болды. Бұл күні қала маңындағы шаруашылықтар мен Шиелі ауданының ауыл тұрғындары егістіктер мен фермаларда өсірілді.

"Мүмкіндік болған кезде мен осындай жәрмеңкелерге қатысамын. Егер осындай сатылымнан кем дегенде 5 мың теңге үнемдесем, қуанамын, өйткені қазір азық-түлік қымбат. Осы жәрмеңкеде күрішті 220 теңгеден, сиыр етін 1600-1700 теңгеден алдым, – дейді қызылордалық Светлана Серікбаева.

Жәрмеңкелерден бөлек қала тұрғындары азық-түлікті көтерме дүкендер мен қоймалардан сатып алады.

"Жалақы алып, көтерме дүкенге барамын. Онда сатып алушылар көп әрі кезекте тұруға тура келеді, бірақ қоймаларда еттен бастап кондитерлік өнімдер мен жуу құралдарына дейін барлығы бар. Ең бастысы – бағалары қолайлы. Отбасыма бір айлық қажетті азықтарды 50 мың теңгеге сатып аламын. Көтерме дүкендер қымбат азық-түлік сатып алуға мүмкіндігі жоқ адамдар үшін өте ыңғайлы және үнемді деп санаймын", – дейді қала түрғыны Майра Сетпембетова.

Статистикалық мәліметте өңірдегі азық-түлік тауарларының бағасы 8,1%-ға өскенін растайды.

Нұрбек Дәуренбеков

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу