Қызылорда балабақшасында сәбиді бір топ бала жабылып ұрған

931

Баланың ерні жырылып, жарақат алған.

Қызылорда балабақшасында сәбиді бір топ бала жабылып ұрған Фото: видео скриншот

Қызылорда қаласындағы балабақшада ұл баланы өзімен жасты бүлдіршіндердің ұрғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл жайлы әлеуметтік желіде сәбидің анасының шағымы жарияланды.

Анасының сөзінше, облыс орталығындағы "Аяла-Жан" балабақшасында тәрбиеленіп жатқан баласының ерні жырылып, жарақат алған. Мекеме камерасынан қараған сәтте ұл балаға бір топ бала жабылғаны көрінген. Жамбасынан теуіп, басы мен бетінен ұрған.

Аталған оқиға жөнінде Қызылорда қалалық білім бөлімі түсініктеме берді.

"Қалалық білім бөлімі аталған балабақшаға зерделеу жұмыстарын жүргізетін болады. Мәлімет қосымша хабарланады", - деп жазылған хабарламада.

Ал Қызылорда қалалық полиция басқармасы бұл мәселеге байланысты тиісті жұмыстар жүріп жатқанын атап өтті.

"18 қаңтарда әлеуметтік желіде жарияланған "Аяла Жан" балабақшасында болған оқиға жөніндегі жарияланым басқарманың ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Ол бойынша құжаттар жинақталып, Қызылорда облысы білім басқармасына тиісті шешім қабылдау үшін жолданады", - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу