Қызылордада балалар балконнан құлап кетті

200

Балалар қалалық ауруханаға жатқызылды.

Қызылордада балалар балконнан құлап кетті Фото: Pixabay.com

Қызылорда қаласында балконнан екі бала құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ересектердің қарауынсыз қалған алты жасар бала мен жеті жасар қыз үшінші қабаттың балконынан құлап кеткен.

Балалар қалалық ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ еске салады:

Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу