Қызылордада балалардың шығармашылығына бөлінген 55 млн теңге жымқырылған

286

Аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде. 

Қызылордада балалардың шығармашылығына бөлінген 55 млн теңге жымқырылған Фото: freepik

Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысында бірнеше қоғамдық ұйым мүшесіне алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол "Даму бала" платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актілерінен, балалар шығармашылығы және спорт саласында анықталған бұзушылықтарды алып тастау үшін 81 кәсіпкерлік субъектісінен өзінің сенімді тұлғалары арқылы 55 млн теңгеден астам қаражат алды деген күдікке ілінді.

Спорттық жабдықтардың талаптарға сәйкес болмауы, балалардың келуін есепке алудың бұзылуы, бейнебақылау жүйелерінің толық сәйкес келмеуі және спорт секцияларына баратын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да бұзушылықтар анықталды.

Сотпен күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Өзге мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу