Қызылордада балықшы қайығы аударылып, мерт болды

598

Қызылорда облысында балық аулау кезінде ағаш қайығы көлде аударылған 61 жастағы тұрғын қаза болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылордада балықшы қайығы аударылып, мерт болды Фото: inbusiness.kz

Оқиға 24 наурызда Қармақшы ауданында болды. Көлге балық аулауға барған 1962 жылы туған азаматтың қайығы аударылып, суға батып кеткен.

"Бұл жөнінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына хабарлама түсті. Онда Қуаңдария ауылындағы Жетікөл көлінде балық аулау кезінде ағаш қайығы аударылып, оқиға салдарынан 1962 жылы туған азаматтың суға батып кеткені айтылған. Марқұмның денесін жергілікті тұрғындар өз күшімен судан шығарып алған. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті, аудандық полиция бөлімінің мамандары тиісті жұмыстар жасады", - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу