Қызылордада бастауыш сыныптардың сабағы тоқтатылды

910

Қызылордада бастауыш сыныптардың сабағы тоқтатылды

Бүгін, Қызылорда қаласында жауын-шашын салдарынан қалыптасқан көктайғаққа байланысты бастауыш сынып оқушыларына бір күнге сабақ  тоқтатылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Өткен түні осы жағдайға байланысты қалада көлік және жаяу жүргіншілер жолдарын мұздан тазарту жұмыстарына 16 арнайы техника жұмылдырылды.

"Қызылорда Тазалығы" ЖШС-ы көшелерге 150 тоннадан астам құм мен тұз аралас қоспа септі. 130 қызметкер жаяу жүргінші жолдарындағы мұздарды ойып, тазалады. Қазір Қызылордада қар жауып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу