Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оның басым бөлігі немесе 67 мыңға жуық адам жол ережесін бұзған.
– Ішкі істер министрлігі Әкімшілік кодекстің азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін бірқатар бабын бекітті. "Мүлдем төзбеушілік" қағидасын қалыптастыру мақсатында бейнебақылау инспекторлары ұсақ бұзақылық деректерін анықтады. Оның ішінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша 4010, осы кодекстің 440-бабы бойынша 2475, ал 449-бабы бойынша 662, басқа да баптармен 5820 құқықбұзушылық тіркелді, – делінген хабарламада.