Қызылордада 5 маусымға қараған түні мектептің жанында белгісіз адам үш жасөспірімді пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тоғызыншы сыныптың 3 оқушысы пышақ жарақатын алған, үшеуінің де аяғы жараланған. Ауруханада оларға алғашқы көмек көрсетіліп, үшеуі де үйлеріне жіберілді.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп жауап берді полиция.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу