Қызылордада бензин талоны тапшы

1525

Бүгінгі күні ҚТЖ мен Энергетика министрлігімен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қызылордада бензин талоны тапшы

Қытымыр қыста Қызылордада бензоталон іздеген таксистер көп. Соның бірі Марат бірнеше күннен бері АИ-92 маркалы бензиннің тек талонмен беріліп жатқанынан қынжылады. Адам тасып ас-суын айырып отырған таксишілер тіпті жарнама сайттарына да талон сатып алатынын орналастырып қойған деседі.

- Бұрын такси болып тентірейтін едік, енді талон іздеп тықақтап жүрміз. Такси болмақ түгілі, бала-шағаны мектепке апарып келудің өзіне жанар-жағармайымызды үнемдеп жүрміз. 92-ні талонға ғана құяды, 20 теңгеге қымбат болса да, амалсыз 95 құясын сосын, - дейді аты-жөнін толық айтқысы келмеген Марат.

Бұл қаладағылардың "әңгімесі", ал ауылдағы автосы барлардың жүрісі бұл кезде сирей бастаған. Жанар-жағармайдың тапшылығы май құю бекеттерінде емес екенін айтқан әкімдік маманы, облысқа мұнай өңдеу зауыттарынан қажетті мөлшерде шикізаттың жеткізілмеуінен тапшылық туындаған дейді.

- Бұл мәселе облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында. Негізгі мәселе, мұнай тасымалдаушы вагондардың жетіспеушілігінен туындап отыр. Бүгінгі күні ҚТЖ мен Энергетика министрлігімен тиісті жұмыстар жүргізілуде, - деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының өкілі Айдос Айсауытов.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу