Қызылордада биологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қасқыр ауланып жатыр

162

Мұндай шара былтыр да өткізілген болатын.

Қызылордада биологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қасқыр ауланып жатыр Фото: canva

Қызылорда облысында қоршаған ортадағы биологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында жыртқыш аңдардың санын реттеу бағытында жұмыс жүргізіліп келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өткен жылы 167 рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

"Нәтижесінде 47 қасқыр, 6 шибөрі ауланды. Сонымен бірге, биыл 13-22 қаңтар аралығында Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері Жаңақорған ауданындағы Қожакент, Машбек, Қыркеңсе, Жаңаарық, Өзкент, Түгіскен ауылдық округтерінің құм жақ беткейінде жыртқыш аңдар аулады. Рейд барысында 2 қасқыр, 90 шибөрі ұсталды", – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу