Қызылордада бір айда 7 келі марихуана мен 366 келі каннабис өсімдігі тәркіленді

689

Республика бойынша "Қарасора – 2023" профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. 

Қызылордада бір айда 7 келі марихуана мен 366 келі каннабис өсімдігі тәркіленді Фото: Naked Science

Қызылордалық полицейлер есірткісі бар өсімдік өсірумен айналысқан 21 адамды құрықтады. Оның ішінде алтауы қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, 1 маусымда басталған іс-шарада облыс бойынша барлығы 38 есірткі құқық бұзушылықтары анықталды. 

"Оның ішінде 17 дерек есірткі өсіру, 2 дерек есірткі өткізу, 1 дерек аса ірі мөлшерде сақтау және 18 дерек есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар. Заңсыз айналымнан 7 келі марихуана және 366 келі каннабис өсімдігі алынды. Есірткі өсірумен айналысқан 21 адам құрықталып, оның 6-ы қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек Қазалы, Сырдария, Шиелі аудандарының далалық аймағынан ірі есірткі алқаптары анықталған.

Айта кету керек, есірткі қылмысының жолын кесуге бағытталған "Қарасора – 2023" іс-шарасы 31 қазанға дейін жалғасады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу