Қызылордада бір топ адам түрғын үй ауласында төбелесіп, бір-біріне оқ атқан

628

Қызылордалық полицейлер ізін суытпай бұзақылық жасаған күдіктілерді құрықтады. 

Қызылордада бір топ адам түрғын үй ауласында төбелесіп, бір-біріне оқ атқан Фото: inbusiness.kz

Олар үй ауласында төбелесіп, бір-біріне оқ атқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

13 мамыр күні таңғы сағат 7 шамасында ПБ-ға көпқабатты үй ауласында белгісіз азаматтар қару қолданып, төбелесіп жатқандығы туралы хабарлама түскен.

Жалдамалы пәтерде бірнеше таныс азамат бір-бірімен сөзге келіп қалып, кейін пышақ және травматикалық қару қолданып, жанжалдасып, барлығы оқиға орнынан бой тасалағаны белгілі болды.

Екі күдікті қала аумағында ұсталса, тағы екеуі автокөлікпен Самара-Шымкент тас жолында құрықталды.

Қалған күдіктілерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталғандар Шымкент қаласының және Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты.

Оқиға орнынан және автокөліктен айғақты заттар алынды. Екі адамға медициналық көмек көрсетілді.

ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу