Қызылордада биыл 12 адам Конго-қырым қанды безгегіне шалдықты

514

Облыста жыл басынан бері кене шаққан 1 023 адам медициналық көмекке жүгінген.

Қызылордада биыл 12 адам Конго-қырым қанды безгегіне шалдықты Фото: inbusiness.kz

Қызылорда облысында биыл Конго-Қырым қанды безгегіне шалдыққандар саны 12 адамға жетті.

Облыста жыл басынан бері кене шаққан 1 023 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл азаматтар 14 күн бойы медициналық бақылауда болды.

"Науқас адамдардың 6-ауы Жанақорған, 3-еуі Шиелі аудандарында тұратыны анықталса, Қармақшы, Сырдария мен облыс орталығында ол 1 жағдайдан тіркелді. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық-энтомологиялық зерттеу жүргізіліп, залалсыздандыру жұмыстары жасалды", - деп мәлім етті облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Қызылорда облысы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан. Биыл аталған аса қауіпті ауру бойынша облыста 106 елді мекен қолайсыз болып белгіленді. Осыған орай кенеге қарсы көктемгі өңдеу жұмыстары жоспарлы түрде 2 кезеңмен облысымыздың барлық ауданы мен Қызылорда қаласындағы қолайсыз елді мекендерде жүргізілді. Залалсыздандырудың алдағы кезеңін 16 тамыздан бастап жүргізу жоспарланып отыр.

Биыл Конго-Қырым қанды безгегінен 5 адам қайтыс болды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу