Қызылордада биыл 150-ге жуық егіз дүниеге келген

Егіздердің 60 пайызы облыс орталығына тиесілі.  

Қызылордада биыл 150-ге жуық егіз дүниеге келген Фото: pixabay.com

Сондай-ақ, Сыр өңірінде егіздер көп тұратын таңғажайып ауыл да бар. 

Inbusiness.kz тілшісі жыл басында "Қызылордада 3 рет егіз тапқан алтын құрсақты ана тұрады" деген тақырыпта эксклюзивті мақала жариялаған болатын. 

Жалпы, Қызылорда облысында жыл басынан бері 12 296 бала дүниеге келген. Оның ішінде 149 жұп – егіздер. Көбіне егіздер облыс орталығында туған. 

– Биылғы жылы туған егіздердің жалпы санының 60% Қызылорда қаласына тиесілі. Мұнда 90 ана егіздерді босанды. Арал ауданы 16 жұп егізден дүние есігін ашты. Үштікті Жаңақорған ауданы 11 жұп егіздермен қорытындылайды.

Сонымен қатар, Қазалы ауданында 9 жұп, Шиелі ауданында 8, Байқоңыр қаласында 5, Қармақшы, Сырдария аудандарында 4, Жалағаш ауданында 2 жұп егіздердің дүниеге келді, - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-ның Қызылорда облыстық филиалы. 

Қазалы ауданына қарасты Үрмәш Түктібаев ауылы "Егіздер ауылы" аталып кеткен. Себебі, онда 30-ға жуық егіз тұрады. 

– Ауылымда егіздер көп. Мұның нақты себебін білмейміз, бірақ көпшілік "алтын құрсақты аналар тұратын ауыл", "егіздер ауылы" деп ерекше ат қойып, айдар таққан. Туған жеріміздің аты жақсы жағынан шыққанына қуанымыз. Ел демографиясы жақсарып, сауатты және дені сау балалар көбейе берсін дегім келеді, - дейді Гүлайса Бөлекбай. 

Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша үшемнің тууы тіркелмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу