Сотталушы жәбірленушіге әлеуметтік желі мен ұялы телефон арқылы хабарласып, үнемі мазасын алған, деп жазады inbusiness.kz сайты Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәбірленуші байланыс орнатудан қашып, абоненттік нөмірлерін бұғаттап тастағанына қарамастан сталкер оның тұрғылықты мекенжайына, жұмыс орнына көлігімен жиі барғыштап, шығуын талап еткен.
Жәбірленуші сот отырысында өзін 2022 жылдан бері жүйелі түрде аңдып келе жатқан адамның кесірінен қалада емін-еркін жүре алмай, басқа үйге көшуге мәжбүр болғанын көрсетті.
Сот бойжеткеннің тыныштығын бұзған жігітті Қылмыстық Кодекстің 115-бабының 1-тармағымен 25 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындалды.
Жәбірленушінің пайдасына 500 мың теңге моральдық зиян өндірді.