Кеше Төтенше жағдайлар министрлігінің кезекші бөліміне Қызылорда облысында АН-2 ұшағының мәжбүрлі түрде қонғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Олардың қайда екені белгісіз еді. Байланыс орнату мүмкін болмады. Жедел іздестіруге Төтенше жағдайлар және Полиция департаменттерінің күш-құралдары тартылды. Сонымен қатар, ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды", – делінген ведомство хабарламасында.
Іздестіру тобы жоғалғандарды 8 сағаттан кейін айдаладан тауып, Сырдария ауданының Тереңөзек кентіне жеткізді. Олар медициналық көмекті қажет етпеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу