Қызылордада бруцеллёз жұқтырғандар саны өсті

574

Қызылорда облысында жыл басынан бері 11 адам бруцеллёз ауруын жұқтырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылордада бруцеллёз жұқтырғандар саны өсті Фото: inbusiness.kz

Облыста жыл басынан бері бруцеллёз (сарып) ауруының 11 дерегі анықталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3 жағдайға артқан.

"Олардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдық көрсеткішінің өсу тенденциясы байқалады. Атап айтқанда, 14 жасқа дейінгілер үлесі - 18, 15-19 жастағылар -27, 19 жастан жоғарылар - 55%-ды құрайды. Сарып ауруы биыл аудандар бойынша Қармақшыда - 3, Жаңақорғанда - 2 дерегі тіркелсе, ол Қызылорда қаласында 6 жағдайды құрады. Дертке шалдыққандардың арасында ауыл тұрғындарының үлесі 45,4%", - деді Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Ведомство мәліметінше, бруцеллез ауруымен сырқаттанған 9 науқастың үй жағдайында уақ және өзге де үй ауылшаруашылық малдарына күтім жасағаны белгілі болды. Қалған 2-і мал шаруашылығымен айналыспайды, сүт пен етті сауда орындарынан сатып алып тұтынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу