Қызылордада бюджет қаражатын жымқырған бас есепшіге қылмыстық іс қозғалды

135

50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына аударған.

Қызылордада бюджет қаражатын жымқырған бас есепшіге қылмыстық іс қозғалды Фото: istockphoto.com

Облыс прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Сол арқылы "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі заңсыз әрекетін әшкереледі.

– Бас есепші іссапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алған. Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасымен ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2)тармағымен қылмыстық іс тіркелді. ҚР Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабының талабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды, – деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу